Біз әлеуметтік желілердеміз

Фестиваль жаңаша атауға ие болды

Мәдениет

Фестиваль жаңаша атауға ие болды

Фестивальдың мақсаты – жерлестерімізді сібір казактарының тарихымен таныстыру.

Облыстық Достық үйінде «На Николу зимнего…» деген атауға ие болған казак мәдениетінің бірінші фестивалі өтті. Фестивальға облысымыздың аудан-қалаларынан келген 20-дан астам шығармашылық ұжым қатысты.

Облыстық славян мәдениеті қоғамының төрағасы Александр Яковлевтің айтуынша, мұндай фестивальдар облысымызда бұған дейін де өтіп тұратын. Тек ол кезде фестиваль басқаша – «Казачья сторонушка» деп аталатын.

– «Казачья сторонушканы» қазан айында өткізетінбіз. Ал биылдан бастап фестивальдың атын да, оның өтетін уақытын да өзгерттік. Негізі, бұл шара сібір казактарының мерекесіне орайластырылып, әулие Николай Угодниктің құрметіне өткізіледі. Фестивальдың мақсаты – жерлестерімізді сібір казактарының тарихымен таныстыру. Биылдан бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып келетін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қазақстандықтарды өз жері мен мәдениетінің тарихына тереңірек үңілуге мүмкіндік береді. Бүгінгі фестивалға да түрлі ұлт өкілдері, әсіресе, жастар көп жиналғаны қуантады, – дейді А.Яковлев.

Фестиваль барысында өскемендік өнерпаздармен қатар, Глубокое, Зырян, Ұлан және Шемонайха аудандарынан келген шығармашылық ұжымдар да ән айтып, би билеп, жиналған көрермен қауымның қошеметіне бөленді.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...
Пікір жазу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары