Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскеменде баспаналары өртеніп кеткен отбасы көмекке мұқтаж

Оқиғалар

Өскеменде баспаналары өртеніп кеткен отбасы көмекке мұқтаж

30 –қарашада, түнгі сағат  24.00 шамасында Попов көшесіндегі  жеке тұрғын үй өртеніп кетті.  Ағаш жақтаушалар, терезе, есік, төбе жабындысынан түк қалмаған.  Тілсіз жау басталған кезде үй иесі өртті өзі сөндірмек болып жанталасады, алайда онысынан түк шықпай денесін 3-ші дәрежелі күйік шалған.  Үй иелері баспаналарына бәзбіреулер  қасақана өрт қойды деп күдіктенеді.  Қазір далада қалған отбасы барлық қайырымды жандардан көмек сұрайды. Өйткені киім-кешек,төсек орындарының барлығы жанып кеткен.

— Өрт аумағы 72 шаршы метрді құрайды.  Әзірге екі нұсқа қарастырылуда: қасақана өрт қою немесе абайсыздан өрт тұтану,- деп түсіндірді  қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз хатшысы Марина Лискова.

Өрттен зардап шеккендерге қандай көмек керек және оны қайда жеткізу керектігі туралы мәліметті мына байланыс телефоны арқылы анықтауға болады : 87764826248 – Наталья.

Пікір жазу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары