Біз әлеуметтік желілердеміз

Қатонқарағай аудандық «Достық үйі» қоныс тойын тойлады

Шығыс Қазақстан

Қатонқарағай аудандық «Достық үйі» қоныс тойын тойлады

Тұңғыш Президент күні мерекесі Қатонқарағайлық «Достық үйі» үшін үлкен қуанышпен басталды. Аудандық этномәдени бірлестіктер ұжымы жаңа ғимаратқа көшті. Талай жылдан бері сиқы кетіп тұрған бұрынғы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты осы жазда толыққанды жөндеуден өткізіліп, қайта жарақталып «Достық үйінің» қолданысына ұсынылды.  Нысанның өз басы ғана емес,  айналасы да қалыпқа келтіріліп, көрікті орынға айналды. «Хаба Проект» ЖШС мердгер компаниясы жөндеу жұмыстары үшін 36 миллион теңгені игерді.

Нысанды жөндеу жұмыстары үлкен талғаммен жүргізілгендігі байқалады. Ұлттық нақыштармен көмкерілген залдар, көгілдір  аспан тәрізді төбелер, тартыла орнатылған үлкен шаңырақ сияқты элементтер бірден көзге түседі. Осылайша енді жаңа ғимаратқа көшіп шаңырақтары кеңейген «Достық үйінде» бұрынғыдай төрт емес жеті этномәдени бірлестіктің басы бірігетін болды.  Қазақ, орыс, татар,неміс мәдени орталықтарының қатарына украин,белорусь, өзбек мәдени ұжымдары қосылды. Айтпақшы,бұл жерде киім бөлмесі, тігін шеберханасы сияқты қажетті бөлмелерді де таба аласыз. Сонымен қатар осы кең ғимарат ішіне ардагерлер кеңесі  де орналасты.

–  Көпұлтты еліміздегі татулық пен бірліктік  бір белгісі осы «Достық үйлері» деп білемін.  Біздің ауданымызда Достық үйі өткен жылы 1-ші мамырда ашылған еді. Енді жаңа ғимаратқа көшкен өнерлі ұжым  ұлттық-мәдени бағыттағы мемлекеттік іс-шараларды атқаруда елеулі үлес қосады деген сенімдемін,-деді аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин.

Этномәдени бірлестіктердің басын кең  шаңыраққа тоғыстырған бұл күн аудан халқы үшін нағыз мерекеге айналды.

 

Пікір жазу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары