Біз әлеуметтік желілердеміз

Тарбағатайдың Тәуке ауылындағы дәрігер мәселесі шешімін тапты

Денсаулық сақтау

Тарбағатайдың Тәуке ауылындағы дәрігер мәселесі шешімін тапты

Медициналық пунктке үш ай сынақ мерзімге фельдшер ретінде Л.Солтаниярова бас дәрігердің №167/8 бұйрығы негізінде жұмысқа қабылданды.

«Дидардың» қызметкерлері биылғы қазан айының 9-13 аралығында Зайсан мен Тарбағатай аудандарындағы оқырмандармен жүздесу барысында Тарбағатайдың Қабанбай ауылдық округіне қарасты Тәуке ауылының тұрғындары ауылда дәріхананың жоқтығы, жаздың ортасынан бері ауылда жергілікті дәрігердің болмағандығы жөнінде айтқан болатын. Мәселе газет бетінде көтерілген-ді.

Аталған сауалға Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Ержан Сабырбаев ресми түрде жауап берді:

– Тарбағатай ауданының Қабанбай ауылдық округіне қарасты Тәуке ауылындағы медициналық пунктің медбикесі А.Шәріпқазина Тарбағатай ауданының ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Қ.Өскенбаевтың №111/5 бұйрығына сәйкес 2017 жылдың 17 шілдесі – 24 тамызы аралығында кезекті ақылы еңбек демалысында болған. Осы уақыт аралығында оның жұмысы Қабанбай ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелі медбикесі Ш.Баймұхамбетоваға бас дәрігер Қ.Өскенбаевтың №110/15 бұйрығы негізінде қосымша жүктелді. Ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап Қабанбай ауылдық дәрігерлік амбулаториясына қарасты Тәуке ауылындағы медициналық пунктке үш ай сынақ мерзімге фельдшер ретінде Л.Солтаниярова бас дәрігердің №167/8 бұйрығы негізінде жұмысқа қабылданды.
Қазіргі уақытта ауылдағы медициналық пункті дәрігермен қамту мәселесі толығымен шешіліп отыр.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...
Пікір жазу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары