Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұнды фортификациялау дегенді қалай түсінуге болады?

Денсаулық сақтау

Ұнды фортификациялау дегенді қалай түсінуге болады?

Сауалға ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Өскемен қалалық басқармасы басшысының орынбасары Арман Сағындықов жауап береді

Жақында теледидар қарап отырып, ұнды фортификациялау деген терминді естіп қалдым. Мұны қалай түсінуге болады? Не үшін күнделікті тұтынатын тауарға өзге де заттарды қосу керек? Адам денсаулығына қаншалықты пайдасы бар?

Айнаш Ыбыраева (зейнеткер)
Күршім ауданы.

Сауалға ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Өскемен қалалық басқармасы басшысының орынбасары Арман Сағындықов жауап береді:

– Ұнды фортификациялау дегеніміз – ұнды адам ағзасына қажетті дәрімендермен және минералдармен байыту.

Тамақ рационында анемия, фоли қышқылы мен дәрумендердің жетіспеушілігі жүрек-қан тамырлары ауруларына, ана мен бала өліміне себеп болады. Бұл өз кезегінде Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік рейтингіне әсер етеді.

Қазіргі таңда азық-түліктердің көптеген түрлері технологиялық өңдеу кезінде өзінің құнарлылығын азайтады. Бұлардың қайта қалпына келтірудің бірден-бір жолы – ұнды дәрумендермен және микроэлементтермен байыту. Еліміздегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 160-бабы, 3-тармағында темір жетіспеушіліктің алдын алу мақсатында ел аумағына сатылатын жоғарғы және бірінші сортты бидай ұнын құрамында темірі бар дәрумендермен, минералдар және басқа да заттармен міндетті байыту (фортификациялау) көрсетілген.

Ұн күнделікті қолданыстағы тағам өнімі болғандықтан және өзінің универсалды болуынан адам ағзасын аса қажетті темір, фоли қышқылы және дәрумендермен қамтамасыз етуге ең тиімді әдісі болып табылады. Темірмен байытылған ұнды қолдану адам ағзасында темірдің артылуына әкелмейді.

Гемоглобин нормасы қалыпқа келу үшін байытылған ұн мен нанды 1-2 жыл тұрақты қолдану қажет.
Қазақстанда бидай ұнын фортификациялау 2003 жылы тұрғындардың тамақтануын жақсарту мақсатында халықаралық жоба шеңберінде алты елде (Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан және Өзбекстан) жүргізілді. Аталған халықаралық жобаны жүзеге асыруда алты елдің Үкіметтері серіктес болады және Азия Даму банкі, ЮНИСЕФ және Қазақ Тағамтану Академиясы бар.

Ұн көптеген тағамдардың құрамында болғандықтан, ұнды қажетті минералдармен байыту минералды заттардың жетіспеушілігін алдын алады. Құрамында темірі бар дәрумендер мен минералдарды сатып алғаннан гөрі, фортификацияланған ұнды қолданған әлдеқайда тиімді.

Темір жетіспеушіліктің алдын алу шаралары келесі принциптерде жүзеге асырылады:

1) Тұрғындардың мақсатты тобын құрамында темірі бар препаттармен қамтамасыз ету.

2) Темір жетіспеушілік анемиясы бар адамдарды денсаулық сақтау ұйымдарында қолжетімді
медициналық көмек алумен қамтамасыз ету.

3) Ұнды және басқа да тағам өнімдерін құрамында темірі бар дәрумендермен, минералдармен және басқа да заттармен байыту (фортификациялау).

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...
Пікір жазу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары