Біз әлеуметтік желілердеміз

Еңбек демалысы уақытында ауырып қалсам демалысым ұзартыла ма?

Статистика

Еңбек демалысы уақытында ауырып қалсам демалысым ұзартыла ма?

Сауалға «ШҚО кәсіподақтар орталығы» кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің заң мәселелері жөніндегі бас маманы Батырбек Нұрпейісов жауап береді

– Еңбек демалысында жүріп қатты ауырып қалдым. Демалысты ұзартуға құқығым бар ма?

Зарина Мұратова
Глубокое ауданы.

Сауалға «ШҚО кәсіподақтар орталығы» кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің заң мәселелері жөніндегі бас маманы Батырбек Нұрпейісов жауап береді:

– Қолданыстағы Еңбек кодексінің 94-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы мынадай жағдайларда:

– жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіз болғанда;

– жүктілікке және босануға байланысты демалыс кезінде толық немесе оның бір бөлігі ауыстырылады.
Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы (оның бір бөлігі) жұмыскердің өтініші бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысында болу кезеңіне ауыстырылады. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосылуы немесе жұмыскердің өтініші бойынша ағымдағы жұмыс жылында бөлек берілуі мүмкін. Осыған орай, Сіз жыл сайынғы еңбек демалысын ұзарту жөнінде жұмыс берушіге жазбаша түрде жүгінуге құқылысыз.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...
Пікір жазу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары