Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскемендегі ең үлкен саябақ- кешенінің аумағы тағы да кеңейтіледі

Шығыс Қазақстан

Өскемендегі ең үлкен саябақ- кешенінің аумағы тағы да кеңейтіледі

Кешен аумағындағы орманды алқапта шаңғы жолы салынады деп жоспарлануда

Бүгінде құрамына этнографиялық, ботаникалық және әскери кешендер, сонымен қатар, зообақ, «Жібек жолы» бағы мен өзге де нысандар енетін Ертістің Сол жағалауы өскемендіктер мен қаЛа қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған.

Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасынан хабарлағандай, Сол жағалау кешенін ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Ең бастысы, кешен жыл он екі ай қызмет көрсетпек, яғни, келушілерге есік қыс айларында да ашық болады. Сонымен қатар, этноауылдағы орталық киіз үйде «Асыл мұра: қайнар көзі мен салт-дәстүрлері» атты экспозиция ашылады. Бұған қоса кешендегі орталық алаңда сырғанағы бар үлкен мұз қалашығы бой көтермек. Кешен аумағындағы орманды алқапта шаңғы жолы салынады деп жоспарлануда.

Тағы бір жаңалық, келер жылы кешендегі хайуанаттар бағында да елеулі өзгерістер орын алмақ. Атап айтқанда, зообақ қыс мезгілінде де жұмыс істеп, мұндағы аң-құстарды ұстау жағдайы жақсаратын болады.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...
Пікір жазу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары