Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейдегі «Роза» киіз басу комбинаты «Алтын сапа» сыйлығына ұсынылып отыр

Экономика

Семейдегі «Роза» киіз басу комбинаты «Алтын сапа» сыйлығына ұсынылып отыр

Соңғы жылдары кәсіпорын мемлекеттің қолдауы арқасында ауқымды жаңғыртудан өткен

Семейдегі «Роза» киіз басу комбинаты «Алтын сапа» сыйлығына ұсынылып отыр. 1991 жылы құрылған кәсіпорынның өнімдері бүгінде Қазақстанда ғана емес, бүкіл ТМД елдерінде зор сұранысқа ие.

Тоқсаныншы жылдары бірнеше мәрте жабылып қалу қаупі төнген комбинат осыған қарамастан ғасыр соңында жағдайын түзеп, 1999 жылы өнімдерінің сапалылығы үшін арнайы дипломмен, сондай-ақ, естелік медальмен марапатталады.

Бүгінде «Роза» ЖШС ресейлік қана емес, өзге шетелдік кәсіпорындарға да лайықты бәсекелес атануда. Айта кетейік, семейлік комбинатта киізден жасалған аяқ киімдер, ұлтарақтар, бас киімдер мен қолғаптардан бөлек, дәнекерлеушілер мен болат қорытушыларға арналған жұмыс киімдері де тігіледі. Соңғы жылдары кәсіпорын мемлекеттің қолдауы арқасында ауқымды жаңғыртудан өткен. Мұнда «Даму» қорының қаржысына заманауи қондырғылар сатып алынған. Осының арқасында еңбек өнімділігі артып, өнім сапасы да айтарлықтай жақсара түскен.

Тағы бір айтар жайт, 2015 жылы «Роза» комбинаты «Үздік тауар» аталымы бойынша облысымыздағы беткеұстар кәсіпорын атанған болатын.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...
Пікір жазу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары