Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскеменде дизель отыны тапшы

Шығыс Қазақстан

Өскеменде дизель отыны тапшы

Өскеменде дизель отынының тапшылығы көлік жүргізушілерін әуреге салып, абдыратып тастады. Кейбір жанармай құю бекеттерінде сұйық отын талонмен сатылып жатыр. Шағын  бекеттерде дизель отыны табылғанмен бағасы  шарықтап кеткен – 1литрі 200 теңгеге дейін жетеді. Оның өзінде бір көлікке 10 литрден артық берілмейді.

— Мен тіпті не болып жатқанын түсіне алар емеспін. Біресе бензин жоқ болды,енді міне солярка тапшы, кеше 15 жанармай құю бекетіне барсам да  құр қол қайттым,- дейді сарсаңға түскен  көлік жүргізушілерінің бірі  Арлан Нұрымбет.

Бұл мәселе  өткен аптаның соңында  Энергетика министрлігінде де көтерілді.

—  Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры Шухрат Данбайдың ақпаратына сүйенсек, Евро-4 және Евро-5 стандартты, жоғары актанды бензинді мөл  мөлшерде өндіруге арналған жаңа құрылғыны сынақтан өткізу  10-қарашаға белгіленген. Алайда зауытта  дизельді отынды  өндіруге арналған қондырғы істен шыққан.  Ал оны қалыпқа келтіру жұмыстары желтоқсан айының соңына дейін созылады. Дизель отынының тапшы болуына себеп осы,-деп мәлімдеді Энергетика министрлігі.

 

Енді  бұл сұйық отын түрін  ресейден сатып  алу  қарастырылып жатыр. Дегенмен бұл дизель отынның құнын қаншаға көтеретіні әзірге беймәлім

— Бізде дизель отыны шекті мөлшерде сатылып жатыр. Таңертеңнен бастап сатамыз. Кешке дейін түк те қалмайды, дегенмен енді екі аптадан соң  аймаққа осы отын көптеп жеткізіледі деген болжам бар, —дейді қаламыздағы жанармай құю бекеті өкілдерінің бірі Ольга Аверина.

Еліміздің өзге өңірлері де дизель отынының тапшылығын тартып жатыр. Ал сұйық отынды тауып саудалаушылар кейбір жерлерде оның 1 литрін тіпті  219-229 теңгеге дейін қымбаттатқан.

Пікір жазу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары