Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскеменде мектепте пайдалануға болатын обсерваторияның жобасын жасалды

Білім

Өскеменде мектепте пайдалануға болатын обсерваторияның жобасын жасалды

11 сынып оқушысы Жансая Оралбекова мектепте пайдалануға болатын обсерваторияның жобасын жасады. Оның айтуынша, бұл модельді кез келген оқу орнында орнатуға болады және ол оқушыларға химия, физика және астрономия пәндерін тереңірек меңгеруге мүмкіндік бермек.

Жансая модельді поликарбонат, поливинилхрорид және пластикадан жасаған. Теслепкопты 3D принтерінде басып шығарды. Айналып тұратын механизм мен ашып-жабуды қамтамасыз ететін ілгектер LEGO конструкторының детальдарынан құрастырылған.

Назарбаев зияткерлік мектебінде оқитын Жансая Оралбекова «Обсерватория «Starlab» жобасымен Қарағанды қаласында өткен «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты республикалық конкурсқа қатысуды ұйғарады. «Космонавтика және аэрокосмостық техника мен конструкция» секциясына бұдан басқа он алты жұмыс ұсынылыпты. Тоғыз номинациядан тұратын конкурста Қазақстанның түкпір-түкпірінен жолданған барлығы 160 жоба қарастырылған.

– Осындай обсерваториямен жұмыс істеген оқушылардың космос пен астрономияға деген қызығушылығы артып, кейін осы салаларға қатысты мамандықтарды таңдаулары мүмкін. Жалпы алғанда елімізде космос саласын дамытуға ықпал етеді. Менің есептеулерім бойынша, обсерваторияның құрылысы 700 мың теңге, – дейді жобамен төрт жыл көлемінде жұмыс істеген Жансая.

Жансая құрбыларының космос пен техникаға деген әуестіктері ұнағанын айтады. Бйқаудың қорытындысы бойынша Жансая Оралбекова бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпазға дипломмен бірге инструменттердің жиынтығы да сыйға тартылды.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...
Айна Ескенқызы

"Omnia, quae volo, adipiscar."

Пікір жазу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары