Біз әлеуметтік желілердеміз

«Адамзаттың Абайы» көрмесі Ақтөбе мен Атырауды аралап келді

Мәдениет

«Адамзаттың Абайы» көрмесі Ақтөбе мен Атырауды аралап келді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай Абайдың тарихи мемлекеттік қорық-музей үйінің ұжымы «Адамзаттың Абайы» көрмесімен Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде болды.

Қонақтар «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының салтанатты түрде ашылуына қатысты. Шараны университет ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембеков құттықтау сөзімен ашты. Салтанатты шараға жиналғандар «Адамзаттың Абайы» көрмесін тамашалап, жәдігерлерге қызығушылықтарын танытты.

— «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының ашылуына Абай музейі өзіндік үлесін қосып отыр,-деді музей директоры Болат Жүнісбеков,-мәселен, орталыққа музей қорындағы құнды материалдар, деректер, фотосуреттер, естеліктердің көшірмелері табысталып, әр жылдары шыққан «Абай» журналының сандары мен музейдің баспа өнімдерін де сыйға тарттық. «Адамзаттың Абайы» көрмесінің мақсаты-ғаламдық тұлға Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау және ақынның қолы тиген құнды жәдігерлермен халықты етене таныстыру болып табылады. Адамзатты сүюге шақырған ақын жырлары, қара сөздері және оның тұтынған заттары қай заманда да маңыздылығын жоғалтпақ емес.
Бұдан кейін Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің ұжымы «Адамзаттың Абайы» көрмесімен Атырау қаласына атбасын бұрды. Осында өткен «Абай кеші» қайырымдылық шарасына белсене атсалысты. Кешті ұйымдастырушы – «Қоғамдық сенім» қоры екен. Қайырымдылық кеште данышпан ақынның «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» әндері орындалып, «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?», «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да» өлеңдері оқылды. Атыраулықтар Абайдың 1885 жылы Семейдегі өлкетану музейіне тапсырған құнды жәдігерлерін көзбен көріп, ерекше риза болды. Сөйтіп «Абай кешінен» жиналған қаражат қаладағы әлеуметтік деңгейі төмен отбасыларына және жетімдер үйіне тапсырылды. Шара соңында, «Қоғамдық сенім» қоры «Абай кешін» қолдап, айрықша атсалысқаны үшін Абай музейінің ұжымына алғыс хат табыстады.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...
Пікір жазу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары