Біз әлеуметтік желілердеміз

Аягөздің әншісі Прагадан жүлде әкелді

Мәдениет

Аягөздің әншісі Прагадан жүлде әкелді

Аталмыш байқауда 34 мемлекеттен келген күміс көмей әншілер өз бақтарын сынады

Жуырда Чехия мемлекетінің Прага қаласында халықаралық деңгейде «Салют талантов» атты ұлттар арасындағы дәстүрлі ән байқауы өтті.

Аталмыш байқауда 34 мемлекеттен келген күміс көмей әншілер өз бақтарын сынады. Әлемнің әр түкпірінен келген «бұлбұлдар» бірнеше күн бойы қазылар алқасының алдында өз өнерлерін паш етті.

Жалпы, «Салют талантов» атты ұлттар арасында өткен әндер байқауының негізгі мақсаты — дарынды балаларды ынталандырып, әлемдік деңгейде өз өнерлерін сынау болды. Сол сияқты, дүниежүзінің әр тарапынан келген өнерпаздардың музыкалық мәдениетін сарапқа салып, өнерді насихаттау. Ұлтаралық мәдениеттердің өзара арақатынасын жандандыру болды.

Прага қаласында өткен сайысқа жерлесіміз, Аягөздің тумасы, қазіргі таңда Астана қаласында Қарақат мектеп студиясының мақтанышы болып жүрген, көптеген дүбірлі додалардың жеңімпазы Жұлдыз Сембаева қатысып, эстрадалық вокалдан ән орындап, 2 орын иеленді.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары