Біз әлеуметтік желілердеміз

Бір жылдың ішінде төленбеген айыппұл автоматты түрде базадан өшірілетіні рас па?

Қоғам

Бір жылдың ішінде төленбеген айыппұл автоматты түрде базадан өшірілетіні рас па?

Кодекстің 61- бабы тұлғаны әкімшілік жазаға тартылды деп есептелетін мерзімді бекітеді.

– Жақында таныстарымнан егер жол ережесін бұзған жағдайда, ол жөнінде бір жылдың ішінде өзің тұратын мекенжай бойынша айыппұл төлеу керектігі туралы құжаттар келмесе, ол автоматты түрде базадан өшіріледі, айыппұл төлеуден босатылады деп естідім. Бұл жөнінде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 61-бабында да жазылған дейді. Осы қаншалықты дұрыс ақпарат? Осыған мамандар жауабын алғымыз келеді.

Дәулет Әскерханов
Семей

Сауалға облыстық ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының жетекші маманы Азамат Раисов жауап береді:

– Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан ары-Кодекс) 889-бабы, 4-тармақшасына сәйкес, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарған судья, орган (лауазымды тұлға) осы Кодекстің 890-бабында белгіленген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың ескіру мерзімі өтіп кеткен жағдайда әкімшілік жазадан босатады және қаулыны орындауды тоқтатады.

Кодекстің 890-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жаза салу туралы қаулы егер заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде орындалмаса, орындауға жатпайды. Алайда, Кодекстің осы бабының 3-бөліміне сәйкес егер әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға оны орындаудан жалтарса, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген ескіру мерзімінің өтуіне үзіліс жасалады. Бұл жағдайда ескіру мерзімінің өтуін есептеу осы тұлға табылған күннен бастап қайта жалғасады.

Осылайша, әрбір нақты жағдайға тексеру жүргізу керек және әрбір факті бойынша қаулы енгізген ІІО уәкілетті лауазымды тұлғасы шешімді жеке қабылдайды.

Қабылданған шешімнің нәтижесі бойынша ІІМ және Бас Прокуратурасының деректер базасына тиісті түзету енгізеді.

Кодекстің 61- бабы тұлғаны әкімшілік жазаға тартылды деп есептелетін мерзімді бекітеді.
Әкімшілік құқықбұзушылығы үшін әкімшілік жаза қолданылған тұлға әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау аяқталған күннен бастап бір жыл ішінде осы жазаға тартылды деп есептеледі.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары