Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО-дағы барлық ветеринарлардың біліктілігі тексеріледі

Ауыл шаруашылығы

ШҚО-дағы барлық ветеринарлардың біліктілігі тексеріледі

Әр дәрігер бойынша түсіндірме хат әзірлеңіздер, – деді Даниал Ахметов

Облыста ветеринар дәрігерлердің сүт дайындау бағдарламасы аясындағы өз міндеттерін қалай орындап жүргені тексеріледі.

Шығыс Қазақстанда сүт дайындау бағдарламасының қатысушыларына арналған іс-қимыл алгоритмі және малды азықтандыру рационы жазылған кітапша әзірленді. Алайда, кейбір орындаушылар өз міндеттеріне жауапсыз қарап, кітапты оқымаған. Соның салдарынан тұрғындардан сүт жинау тиісті түрде жолға қойылмай отыр.

–Көкпекті ауданында мал қожайындары мен дәрігерлері өз құқықтарымен және міндеттерімен таныспаған, – деді облыс әкімінің кеңесшісі Дүйсембай Селиханов. – Аудандағы бес сүт қабылдау бекеті жарты жылда 600 тоннадай сүт жинаған. Орташа алғанда бұл әр бекет тәулігіне тоннадан аз сүт жинайды деген сөз.

Аймақ басшысы ветеринарларды тексеріп, кітапшаның қай тармақтары орындалатынын, қайсысы орындалмайтынын анықтауды тапсырды.

–Ветеринарлар табынның қозғалыс айналымын әзірлеуі, жем-шөп есебінің журналын жүргізуі, барлық жеке қосалқы шаруашылықтарды ай сайын тексеруі, алдын алу іс-шараларын уақтылы өткізуі тиіс. Апта ішінде олардың өз міндеттерін орындау-орындамауын тексеріңіздер, әр дәрігер бойынша түсіндірме хат әзірлеңіздер, – деді Даниал Ахметов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары