USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Тәуелсіздік және Абай даңғылдары, Орджоникидзе, Қазақстан, Пермитин, Рижская, Ворошилов көшелері жөнделеді

Тәуелсіздік және Абай даңғылдары, Орджоникидзе, Қазақстан, Пермитин, Рижская, Ворошилов көшелері жөнделеді
Жалпы, Өскеменнің көшелеріндегі шұңқырларды бітеп, көбірек бүлінген тұстарын орташа жөндеуге биылғы жаздың өзінде бір миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп отыр.

Бұл жұмыстарға жеті жол жөндеуші компания қатыспақ. Тендерде бағы жанған бұл компанияларға облыс басшысы ағымдағы жөндеуді келер айдың ортасына дейін аяқтауды тапсырды.

Ал орташа жөндеу жұмыстары Тәуелсіздік және Абай даңғылдарының, Орджоникидзе, Қазақстан, Пермитин, Рижская, Ворошилов көшелерінің бүлінген бөліктерінде жүреді. Мысалы, бір ғана Абай даңғылының үш бөлігі орташа жөндеу көреді. Бүгінде барлық бөліктерге жауапты мердігерлердің тізімі анықталған. Аймақ басшысы әр бөлікке қандай мердігердің бөлінгенін пысықтай келіп, берілген мерзімді қысқарту жөнінде тапсырма берді.

-Берілген мерзім жөнделетін бөліктің ұзындығы мен қиындығына қарай есептелу керек. 400 метр жолды бір ай жөндеу деген менің ақылыма сыймай тұр. Кестені ойланып құру керек болған. Барлық нысан бойынша берілген мерзімдерді мердігерлермен келісе отырып, қайта қарап шығыңыздар. Ал жол жөндеушілер таңғы сегізден кешкі тоғызға дейін жұмыс істеуі тиіс. Өйткені, қала көшелерін жөндеу маусымдық сипатта болуы тиіс. Арқаны кеңге салып, жолдарды жауып қоюға келмейді, - деді облыс басшысы.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде