USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

"Нью-Йорктегі оқиғаны теракт деп айтуға келмейді" дейді қала мэрі

"Нью-Йорктегі оқиғаны теракт деп айтуға келмейді" дейді қала мэрі
Нью-Йоркте Таймс-Сквер алаңында жаяу жүргіншілерді қаққан 26 жастағы Ричард Рохас "дауыстар естігенін " айтты, деп хабарлады жұма күні "Ассошиэйтед Пресс" агенттігі құқық қорғау органдарының өкілдеріне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, полицейлерге АҚШ әскери теңіз күштерінің бұрынғы қызметшісі Р.Рохас "өлімді сезгенін" айтқан.
Агенттіктің хабарлауынша, адамдарды қаққаннан кейін ол көліктен шығып, айқайлап, секірген.

Оның қанынан алкоголь табылған жоқ. Тағы басқа талдаулар алынып, оның нәтижелері әлі жарияланған жоқ.
Р.Рохастың досы Харрисон Рамостың айтуынша, ол 2014 жылы әскерден оралған соң қатты өзгерген.

Кеше Нью-Йоркте Таймс-Сквер алаңында автомобиль жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Салдарынан бір қыз қаза болып, 22 адам зардап шеккен.

Қала басшасы Билл де Блазио баспасөз мәслихатында жүргіншілерді бұрынғы әскери теңіз күштерінің қызметшісі Ричард Рохастың қағып кеткенін айтты. Мэрдің айтуынша, бұл оқиғаны теракт деп айтуға болмайды.
Анықталғандай, Р.Рохас 2008 және 2015 жылдары мас күйінде көлік айдағаны үшін жауапқа тартылған.

interfax.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде