USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскемендік оқушылардың ғылыми жобалары Ресейде өткен олимпиадада топ жарды

Өскемендік оқушылардың ғылыми жобалары Ресейде өткен олимпиадада топ жарды
«Адам –Жер - Космос» атты қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша оқу және ғылыми-зерттеу жобаларының XVIII Бүкілресейлік олимпиадасынан Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары жеңіспен оралды.

Ғылыми жобалардың биыл өткен «Дарын» республикалық конкурсының жеңімпазы 10 «А» сыныбының оқушысы Сая Маратова Бүкілресейлік олимпиадада да топ жарды. Оның «Жер – біздің ортақ үйіміз» секциясында қойылған акваруимға арналған фотобиореактор жұмысы 1 орынға лайық деп танылды. Жұмыстың идеясы, зерттелуі және нәтижесі қазылар алқасында өте жағымды әсер қалтырды. Ғалымдар оқушы қызға балықтарға оттегін жеткізетін генераторды жетілдіре түсуге қатысты кеңестерін берді.

Ал 11 «В» сыныбының өкілі Дулат Алдажаров Королев қаласына шамдарды суытатын радиатордың моделін әкеткен болатын. Оның «Электр жарығын үнемдейтін жарықдиодты құрылғыларды жасау және зерттеу» жобасы жүлделі екінші орынға ілікті.

– Мен олимпиадаға «Қуат және адам» секциясында қатыстым. Қазылар жобаның құны, оның маңыздылығы туралы сұрады. Бес минутқа созылған әңгімелесудің өзі мен үшін өте пайдалы болды. Маған бұл кеңестер жобамның тиімділігін арттыра түсуге көмектеседі деп сенемін, - дейді Дулат.

Мектептің баспасөз хатшысы Роза Құмарғажинаның айтуынша, XVIII Бүкілресейлік олимпиаданың қорытынды конференциясы Мәскеу облысының Королев қаласында өткен. Ресей мен Қазақстаннан 220-дан астам дарынды оқушы бас қосқан шараның шеңберінде зияткер оқушылар Жұлдызды қалашықтағы Ю.Гагарин атындағы космонавтиканың дайындау орталығында «Космостық зертхана» бағдарламасы бойынша семинарда болып, Ресейдің әскери-әуе күштері және «Қуат» космонавтика мұражайларында болды.

Айна Ескенқызы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде