USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО-да ақылы акушерлер қызметі көрсетіледі

 ШҚО-да ақылы акушерлер қызметі көрсетіледі
Облыстық ана мен бала орталығында босанатын келіншектер дәрігер мен акушердің қызметтерін олардың жұмысынан тыс уақытта да пайдалана алады.

Бұл қызметтер ақылы түрде көрсетіледі. Мысалы, дәрігердің қызметі 32 мың теңге, ал акушердің қызметі 25 мың теңге. Бұл жайында орталықтың сайтында жариялаған.

Ақпаратта қызметтер ағымдағы жылдың 24 сәуірінен көрсетіле бастайтыны жазылған.

Сондай-ақ қосымша мынадай қызмет түрлері де бар.

Болашақ аналар сәбиін өмірге кесерово тілігімен әкелгісі келсе, 168 мың санап береді.

Физиологиялық жолмен босанғандар 87 мың теңгеге шығынданады.

Патологиялық ауытқушылығы бар жас аналарға босану акушердің барлық іс-әрекеттерін қоса есептегенде 122 мың теңгеге түседі.

Бұдан басқа, жас босанған келіншектің күйеуі немесе туысы тәулігіне 1800 теңге төлеп, қасында бола алады.

Кәмал Естай
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде