USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қыста көшкіннің астында қалған ШҚО тұрғынының денесі мамырда бірақ табылды

Қыста көшкіннің астында қалған ШҚО тұрғынының денесі мамырда бірақ табылды
Қыс айларында таудан құлаған көшкіннің астында қалған ауыл тұрғынының денесі, мамырда қар еріген соң бірақ табылды.

Зырян ауданының тұрғыны ауылдан 30 шақырым қашықтықтағы өзінің омартасына кеткен. Үйреншікті уақытында үйіне оралмаған соң, туыстары оны іздеуге шығады. Бұл – желтоқсан айында болған оқиға.

- Омарта орналасқан маңайдың барлығын сүзіп шықтық. Көшкіннің астында қалғынын әрине, ішіміз сезді. Желтоқсан айында күн райында сәл жылымық болған, қардың қозғалып кетуіне себеп болғаны да осы күннің жылынуы. Оның денесін іздедік, алайда, көшкін болған жердегі қардың биіктігі 10 метрге дейін жетіп жығылды. Оның үстіне, жоғалған адамның нақты қай тұста жатқанын анықтау мүмкін емес еді,-дейді Зырян аудандық ІІБ қызметкері Дамир Ақтанов.

Полицейлердің айтуынша, мамыр айы туып қар еріген соң маңайдағы омарташылар мәйітті тауып алған. 46 жастағы марқұмның артында кәмелеттік жасқа толмаған екі бала қалыпты.

Дарын Нұрсапаров
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде