USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО-да кеміргіштерден тарайтын инфекциялар көбейіп жатыр

ШҚО-да кеміргіштерден тарайтын инфекциялар көбейіп жатыр
Облыстың біраз елді мекендерінде тұрғындар арасынан кеміргіштер тарататын лептоспироз, листериоз, иерсиниоз, псевдотуберкулез сияқты жұқпалар анықталды. Өскеменде листериоздың 3 жағдайы, лептоспироздің 16 фактісі, 7 иерсиниоз, 2 псевдотуберкулез белгілі болды.

Мамандар бұл жұқпалардың халық арасында таралуын кеміргіштердің эпизоотиясымен байланыстырады. Шығыс Қазақстанның бай жануарлар әлемі табиғи- ошақтық жұқпалар қоздырғыштарының өмір сүруі үшін қолайлы екен. 2016 жылы 634 кеміргішті зертханада тексерген кезде иерсиниоздың 59, листериоздың 39, лептоспироздың 52, псевдотуберкулездің 2 жағдайы анықталған. Жұқпалардың оң нәтижесі Бескарағай, Зайсан, Үржар, Күршім, Глубокое, Шемонаиха, Бородулиха, Аягөз, Көкпекті, Зырян, Жарма аудандары мен Курчатов, Риддер, Семей , Өскемен қалаларының аумақтарында табылды.

Жоғарыда көрсетілген жұқпалардың адамдар арасында таралу көрсеткіші төмендегідей: листериоздың 3 жағдайы Өскемен қаласында, 1 жағдайы Зайсан ауданында белгілі болса, лептоспироздың 16 жағдайы Өскемен қаласынан, 4 жағдайы Глубокое, Зырян аудандарынан және 2 жағдай Шемонайха ауданынан анықталған. Сонымен қатар облыс орталығында, Глубокое және Ұлан аудандарында 7 иерсиниоз, 2 псевдотуберкулез жағдайлары тіркелген.

ШҚО бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Гүләйым Тағаеваның сөзіне қарағанда, қауіпті жұқпаларды адамдар залалданған ет, сүт өнімдерін тұтынған кезде жұқтырулары мүмкін. Аурулардан сақтанудың жолдары қарапайым гигиеналық тазалық ережелерін сақтаудан басталады. Мысалы, тамақты дайындар алдында және кейін міндетті түрде қолды жуу, ыдыс-аяқтарды мұқият жуу керек. Тамақ өнімдерін пайдаланар кезінде оның сақталу мерзімін қараңыз. Шикі күйінде пайдаланатын жемістер мен көкеністерді де мұқият жуған дұрыс. Табиғатқа демалуға шыққанда, саяжайларда азық түлік пен суды кеміргіштер кіре алмайтын жерде сақтаған жөн. Көшеде сүт, клегей, кәуәп және ет сатып алмаңыз, өйткені бұл өнімдер ветеринарлық бақылаудан өттпеген. Үй-жайларда кеміргіштер болған жағдайда, оларды жою шаралары қолданылуы тиіс.

Кәмал Естай
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде