USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО-дағы Әуезов кентінің маңында жаңа қалашық құрылысы қызу жүріп жатыр

ШҚО-дағы Әуезов кентінің маңында жаңа қалашық құрылысы қызу жүріп жатыр
Әуезов кентінің келесі бір шетінде вахталық қалашық құрылысы қызу жүріп жатыр. Мұнда 300 адамға арналған вахталық жатахана, 90 адамдық асхана, қосалқы шаруашылық ғимараттар бой көтеруде. Фабрика зертханасы мен жылу-энергетикалық кешен, жөндеу-монтаждау цехы да осы қалашық аумағынан орын теппек.

-Тұрмыстық ғимараттардың барлығы бір-біріне галереялар арқылы жалғанатын болады. Яғни жұмысшылар ғимараттар арасына киім ауыстырмай-ақ өте алады. Жатақахана құрылысы аяқталысымен қызметкерлер осында қоныс аударуы тиіс, - дейді Ю.Овчинников.

Мұнда келгелі кәсіпорын әлеуметтік маңыздағы жобаларға 1,74 млрд теңге бөліпті. Соның ішінде Әуезов кентіндегі 180 орындық «Аққу» балабақшасын қайта жарақтап, барлық жабдығымен қолданысқа беруі тұрғындар үшін үлкен сый болды. Кенттің инфрақұрылымын дамытуды да компания өз мойнына алған. Бұл мақсатқа серіктестік есебінен екі миллиард теңге қарастырылған және жұмсалған.

Өткен жылы Бұрсақ-Әуезов бағытындағы айналма жолдың құрылысы аяқталды. Инвестор оған 894 млрд теңге бөлген. Тозығы жеткен «Қызыл су» су таратқышын жаңалау жұмыстары да инвестициялық жоба аясында іске асуда. Бұл жобаға кәсіпорын тарапынан 295 млн теңге бөлініпті. Кенттің электр желілерін ауыстырып, жабық электр бөлгіш қондырғылар орнатуға 629 млн теңге қарастырылған. Жоба жыл соңына дейін бітуі тиіс. Әуезовтіктерді жылумен қамтып келген ескі қазандық сүріліп, оның онына жаңа ғимарат салынды. Биылғы жылу маусымынан бастап кент тұрғындарына жаңа қазандық жаңа шарттармен қызмет етпек. серіктестік директоры Юрий Овчинниковтың айтуынша бұл шаруаға компания 279 млн теңге шығындаған.

-Осы ауданда жұмыс істеп тұрғанда кентке жылу беру қызметі біздің мойнымызда болады, - дейді серіктестік директоры.

Жалпы ішкі өнімінің 50 пайыздан астамын ауыл шаруашылығы беретін Жарма ауданы Бақыршық кеніші іске қосылған жағдайда өнеркәсіптік ауданға айналады деген болжам бар. Өйткені, қазірдің өзінде Бақыршық кен өндіру кәсіпорны ел бюджетіне бір миллирд теңгеге таяу салық төлеп отыр. Ю.Овчинниковтың айтуынша 2018 жылы кәсіпорынның салық түсімі алты миллиард теңгеге жетпек. Жыл соңына дейін кәсіпорында 600-ден астам қызметкерлер жұмыс істейтін болады. Ал 2018 жылдың аяғына дейін жұмысшылар саны 800-ге дейін жетеді.

Қазіргі болжам бойынша бұл кеніште кемінде 226 тонна алтын жатыр. Осы кен игерілгенше «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» Әуезов кентінен табан аудармай жұмыс істемек. Яғни, шамамен 2039 жылға дейін бұл кентте өндіріс толастамайды. Жалпы Бақыршық кеніші алғашқы он жылда ашық әдіспен игерілуі тиіс. Бұл уақытта жылына 10 тонна алтын концентратын алу көзделген

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде