USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қазақстанда конго-қырым қанды безгек ауруының алғашқы фактілері тіркеліп жатыр

Қазақстанда конго-қырым қанды безгек ауруының алғашқы фактілері тіркеліп жатыр
Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы конго-қырым қанды безегімен ауырудың алғашқы фактісі тіркелді, деп хабарлады облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің аса қауіпті инфекциялар бөлімінің басшысы Талғат Арымбаев.

-Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстанда 1119 адамды кене шаққан. Оларға дер кезінде көмек көрсетілген. Конго-қырым қанды безгегін жұқтырудың бір фактісі тіркелді, - деді Т.Арымбаев журналистрге бейсенбі күні.
Оның сөзінше, кене шаққаннан кейін безгекпен ауырған Мақтарал ауданының 37-жастағы тұрғыны аудандық ауруханаға жатқызылған.

-Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы орташа мен қанағаттанарлықтың ортасында. Ер адам ем қабылдап жатыр. Науқаспен байланыста болған туыстарында вирус табылған жоқ, - деп қосты Т.Арымбаев.


interfax.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде