USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Соңғы жылдары ШҚО-да бұғы саны 10 мыңнан 6500 басқа азайыпты

Соңғы жылдары ШҚО-да бұғы саны 10 мыңнан 6500 басқа азайыпты
Алтайда бұғы басы күн санап азаюда. Бұлай жалғаса берсе, тұтас шаруашылық құрдымға кетуі мүмкін.
«Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар» демекші, Алтайдың аяулы төліне де ауыр күн туған сияқты. Соңғы жылдары өңірдегі бұғы саны 10 мыңнан 6500 басқа азайыпты. Осы мәселені облыстық мәслихаттың сессиясында депутат Лұқбек Тұмашинов көтерген-ді.


Облыстық мәслихат депутаты Лұқбек Тұмашинов осынау бірегей шаруашылықты сақтап қалу үшін қысқа мерзімде жеміс беретін шараларды ұсынып отыр. Соның бірі – бұғының әр басын бағып-қағуға 20 мың теңгеден субсидия төлеу тәсілі. 5600 басқа шаққанда бұл 112 млн теңге болмақ.

Қолдағы бұғының тұқымы азып бара жатқаны және рас. Соңғы 30 жыл көлемінде бұғы шаруашылықтары қан жаңарту жұмыстарын жүргізбеген. Санының күрт төмендеп, мүйізінің солуына қан тазалығы тікелей әсер етіп тұр. Депутат Лұқбек Тұмашинов саладағы ең өзекті мәселе де осы екенін айтады.

-АӨК-ті дамытудың жаңа бағдарламасында асыл тұқымды бұғы шаруашылықтарына субсидия қарастырылғанымен, оған қол жеткізудің машақаты көп. Палатаға мүшелікке өтіп, асыл тұқымды қожалық екенін растайтын статусқа ие болу шарт. Бұл субсидия таудағы қожалықтарға жеткенше шаруашылық түгелдей тұралап бітуі мүмкін. Сондықтан біз ұсынып отырған 20 мың теңгелік субсидия шөлдеген адамның аузына су тамызғанмен бірдей әсер беретін болады. Сатыны бүтін ұстау, азық рационын жетілдіру, бұғы тұқымын түрлендіру сияқты жұмыстарға кететін шығынның басым бөлігін осы субсидия жабар еді, - дейді ол.

Қолдағы бұғының тұқымы азып бара жатқаны және рас. Соңғы 30 жыл көлемінде бұғы шаруашылықтары қан жаңарту жұмыстарын жүргізбеген. Санының күрт төмендеп, мүйізінің солуына қан тазалығы тікелей әсер етіп тұр. Депутат Л.Тұмашинов саладағы ең өзекті мәселе де осы екенін айтады.

-Менің қолымдағы сенімді дерек бойынша облыста 5600 бас бұғы қалған. Бұл статистикалық мәлімет емес. Нақты дерек. Осы 5600 бұғының денсаулығы қандай деңгейде екенін ешкім білмейді. Сырттан аталық бұғы әкеліп, қан жаңартпаған соң түліктің саны да, сапасы да құлдырап келеді. Төл еру көрсеткішінің нашарлауы, маралдардың аналық жасының қысқарып кетуі сынды мәселелер де осы қан тазалығына байланысты, - дейді Л.Тұмашинов.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде