USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскемен мен Семейдің қоғамдық көліктеріне жолақы төлеудің бірыңғай жүйесі енгізілмек

Өскемен мен Семейдің қоғамдық көліктеріне  жолақы төлеудің бірыңғай жүйесі енгізілмек
Алдағы уақытта облыс орталығының жылу жүйесі толықтай жаңғыртудан өтеді. Сонымен бірге өңірдің екі ірі қаласының көшелік жарықтандыру шамдары заманауи талапқа сай түгел жаңартылмақшы.

Бұлардан бөлек Өскемен және Семей қалаларындағы қоғамдық көлік жүйесі де жаңаланып, жолақы төлеудің бірыңғай жүйесі енгізілмек.

Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен Еуропа даму және қайта құру банкі (ЕҚҚДБ) желісі бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға арналған жиын барысында мәлім болды.

Жобаларды таныстырған «ШҚО мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аймақтық орталығы» АҚ басқармасы төрағасы Шәкәрім Бұқтұғұтов аталған банкпен облыс арасында белсенді әріптестік байланыс орнағанын атап өтті. Мәселен, бүгінгі уақытта біздің аймақпен жалпы құны 15,4 млрд. теңге болатын үш несиелік келісімге қол қойылған. Олар Семей қаласын сумен қамту, су тарту және жылумен қамтамасыз ету жобалары, сонымен бірге Өскемен қаласының су тарту жүйесі жобасы.

Оның айтуынша, 27,5 млрд. теңгенің тағы алты жобасына жұмыс жасалып жатыр. Олардың қатарында Өскемен және Семей қалаларының көшелік жарықтандырылуын, қос қаланың қоғамдық көлік жүйесін, Өскемен қаласының жылу жүйесін және әуежайын жаңғырту жобалары бар. Нәтижесінде 43 млрд. теңгеге жуық қаржы аймақтың қос шаһарының дамуына бағытталатын болады.

Ең бастысы, бұл шаруалар осымен шектелмейді. Алда Зырян қаласының инженерлік құрылымы бойынша, облыстың қалалары мен аудан орталықтарын талапқа сай көшелік жарықтандыруға, Бұқтырма су қоймасы үстінен салынатын көпір құрылысына қатысты да инвест жобалар қолға алынбақ. Үш жобаның жалпы құны 40 млрд. теңгені құрайды.

Дәурен Аллабергенұлы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде