USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскемендік "Алтай"! Команда құрамы, жетістіктері, ойындар кестесі

Өскемендік "Алтай"! Команда құрамы, жетістіктері, ойындар кестесі
Бір аптадан кейін Өскеменде волейболдан қыздар командалары арасындағы клубтық Азия чемпионаты басталады. Додаға қатысатын құрлық мықтыларының арасында «Алтай» волейбол клубының қыздары да бар. Бүгінгі әңгімемізді чемпионатта ел намысын қорғайтын өскемендік ұжымға арнамақпыз.

Жалпы, команданың тарихы 2004 жылдан бастау алады. Облыс орталығындағы алғашқы кәсіпқой қыздар волейбол клубы Өскемен қалалық №4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жанынан құрылған болатын. Көп ұзамай, 2005 жылдың қараша айында облыс әкімдігінің шешімімен ресми түрде «Өскемен қаласының волейбол клубы» ашылған-ды.

2015 жылғы тамызда облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен «Өскемен қаласының волейбол клубы» атауын «Алтай» волейбол клубы» деп өзгертті. Содан бері, команданың атымен бірге, заты да түбегейлі өзгерді деп айтуға болады.

Құрылғанына небәрі екі-ақ жыл болған «Алтайдың» осы уақыт ішінде жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтуға тұрарлықтай. Өскемендік ұжым Ұлттық лига командалары арасындағы ел біріншілігінде қос мәрте топ жарып, Алматы мен Астана, Павлодар мен Талдықорған волейболшыларының көлеңкесінде жүретін аутсайдерден чемпионаттың басты фаворитіне айналды. Былтырғы клубтық Азия чемпионатында Бурхан Жанболат баптаған өскемендік суперклуб үздік төрттікті түйіндеген болатын. Биылғы додаға команданы жаңа бас бапкер, ресейлік маман Ярослав Антонов дайындауда. Команда құрамы да біршама өзгеріске ұшырады.

Газетіміздің оқырман қауымын жаңаланған команда және оның тізгінін ұстаған жаттықтырушымен таныстырмақпыз.

Команданың жетістіктері:

2006-2007 ж.ж. маусым – Қазақстан Республикасы Жоғары лигасы чемпионатының күміс жүлдегері;
2007 жыл – елішілік Универсиада жеңімпазы, Бангкок қаласында (Тайланд) өткен Дүниежүзілік Универсиада жолдамасының иегері;
2008 жыл – 1991-1992 жылдары туған қыздар арасындағы қысқы ел чемпионаты мен елішілік Универсиаданың жеңімпазы,
2009 жыл – елішілік Универсиаданың чемпионы;
2009-2010 ж.ж. маусым – Жоғары лига командалары арасындағы ел чемпионатының жеңімпазы;
2010-2011 ж.ж. маусым – Жоғары лига командалары арасындағы ел біріншілігінің чемпионы;
2011-2012 ж.ж. маусым – Ұлттық лига командалары арасындағы ел чемпионатына алғаш рет қатысуы;
2012-2013 ж.ж. маусым – «А» Жоғары лига командалары арасындағы ел чемпионатында бірінші орын иегері;
2013-2014 ж.ж. маусым – Ұлттық лига командалары арасындағы ел біріншілігінде алтыншы орын.
2014-2015 ж.ж. маусым – «А» Жоғары лига командалары арасындағы ел чемпионатының жеңімпазы;
2015-2016 ж.ж. маусым – Ұлттық лига командалары арасындағы XXIV ел біріншілігінің чемпионы;
2016 жыл – клубтық Азия чемпионатында төртінші орын.
2016-2017 ж.ж. маусым – Ұлттық лига командалары арасындағы XXIV ел чемпионатының жеңімпазы.

Команда құрамы

№ Аты-жөні, тегі Туған жылы Бойы
1 Сана Мақсұтқызы Анарқұлова 1986 ж., Соль-Илецк қаласы, Орынбор облысы, Ресей 188 см
2 Кристина Сергеевна Аниконова 1991 ж., Өскемен қаласы 184 см
3 Айнагүл Ақылбайқызы Айжарықова 1994 ж., Орал қаласы 185 см
4 Евгения Николаевна Ильина 1991 ж., Астана қаласы 187 см
5 Инна Владимировна Матвеева 1978 ж., Риддер қаласы 188 см
6 Әлия Абдулла-Қажықызы Садықова 1988 ж,. Ақтөбе қаласы 172 см
7 Юнеска Роблес Батиста 1993 ж,. Исла да ла Хувентуд, Куба 188 см
8 Инна Герман 1983 ж., Қарағанды қаласы 185 см
9 Валерия Фёдоровна Рылова 1987 ж., Павлодар қаласы 176 см
10 Ольга Ромуальдовна Карпова 1980 ж., Минск қаласы, Беларусь 183 см
11 Людмила Владимировна Исаева 1989 ж., Түрікменстан 186 см
12 Татьяна Александровна Пюрова 1982 ж., Ташкент қаласы, Өзбекстан 183 см
13 Коринна Сергеевна Ишимцева 1984 ж., Павлодар қаласы 184 см
14 Бояна Радулович 1984 ж., Вршац қаласы, Сербия 175 см
15 Йована Бракочевич 1988 ж., Зренянин қаласы, Сербия 196 см

Бас бапкер
Ярослав Викторович Антонов.
10 қаңтар, 1963 жыл. Новосібір қаласы, Ресей.
КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері.
Ойыншы ретінде КСРО құрамында 1988 жылғы Олимпиада ойындарының (Сеул) күміс жүлдегері, екі дүркін Еуропа чемпионы, алты дүркін КСРО чемпионы.
Бойы 198 см.


Ойындар кестесі (топтық кезең)

«Алтай» – «Тайвань Пауэр» (қытайлық Тайбэй), 25 мамыр, бейсенбі, 19.00, Б.Александров атындағы Спорт сарайы;
«Алтай» – «Супреме» (Тайланд), 26 мамыр, жұма, 19,00 Б.Александров атындағы Спорт сарайы;
«Алтай» – «Сармайе банк» (Иран), 27 мамыр, сенбі, 19.00, Б.Александров атындағы Спорт сарайы.

Нұржан Кенжеұлы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде