USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Зайсан қаласында 60 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы басталады

Зайсан қаласында 60 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы басталады
Мамыр айының соңында Зайсан қаласында 60 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы басталады.
Кондюрин көшесінде салынатын қос үйдің құрылысы аяқталған жағдайда 120 отбасының баспана мәселесі шешімін таппақ. Өткен жылы аудан орталығының Заречный ықшам ауданында 60 пәтерлі екі үй пайдалануға беріліп, 29 жасқа дейінгі жастар баспанамен қамтылған. Аудан әкімі Темірбек Қасымжановтың айтуынша, Зайсан ауданында 900-ден аса адам пәтер кезегінде тұр.

– Баспана мәселесін шешу жұмыстарын қолға алып жатырмыз. Қазір біздің ауданымызға келіп жатқан жас мамандардың саны артып келеді. Мамыр айының соңында Кондюрин көшесінде екі тұрғын үйдің құрылысы басталады, – дейді Темірбек Қасымжанов.

Ажар Сағатбекова
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде