USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскеменде 130 теңгеге қызмет көрсететін шаштараз ашылды

 Өскеменде 130 теңгеге қызмет көрсететін шаштараз ашылды
Өскемендік студенттер теориялық білімдерін өндірістік практикамен ұштастыру арқылы табыс көзін тапты. Қаладағы қызмет көрсету саласы колледжінің студенттері әлеуметтік шаштараз ашты.

Игі мақсатты көздеген аталмыш оқу орнының студенттеріне әлеуметтік шаштаразды ашу үшін жергілікті депутаттар қолдау көрсеткен. Мұнда зейнеткерлер мен қамқорлыққа зәру жандарға қолжетімді бағада қызмет көрсетіледі. Мәселен, шаш қидыру құны – небәрі 130 теңге. Ал Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен өздігінен жүріп-тұруы қиын жандар үшін бұл қызмет түрі тегін.

– Әлеуметтік шаштаразда біз тұрғындардың шашын қиямыз, бояймыз, сәндейміз. Бұл – біз үшін үлкен мүмкіндік. Оқу мен жұмысты бірге алып жүрген қиын емес. Оқу бітірген соң 24 студентке тұрақты жұмыс дайын, - дейді Татьяна Альтмаэр.

Ажар Сағатбекова
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
1 комментарий
  1. Алпамыс
    Кез-келген адам шаш алғыза ала ма?
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде