USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО-да төрт спорттық клуб жойылудың алдында тұр

ШҚО-да төрт спорттық клуб жойылудың алдында тұр
2016 жылы бірнеше спорттық нысандар мен салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша орталықтар жеке меншіктің иелігіне өтті. Төрт спорттық клуб жойылудың алдында тұр.

Бұл жайында ШҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы Нұрлан Можановтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихаты кезінде белгілі болды.

Басқарма басшысының берген мәліметтеріне сәйкес, жекешелендірілген мекемелердің арасында Семей қалалық және облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша орталықтар, «Алтай» волейбол клубы, дене шынықтыру және сауықтыру орталығы, Көкпекті ауданындағы ұлттық спорт ойындарының «Дархан» клубы, облыстық протезді-ортопедиялық орталық, «Өскемен – Тазалық» мекемесінің 51 пайызы, «Нарын – сервис» ЖШС –нің 70 пайызы, ШҚО талдау және болжау институты және тағы төрт кәсіпорын бар. «Семей автовокзалы» ЖШС 2018 жылдың қаңтарына дейін ары қарай сатып алу құқымен сенімді басқаруға беріліпті.

Ал «Ертіс» спорткешені» ЖШС осымен төртінші рет қайта сатуға шығарылған.

Жойылу алдында тұрған клубтардың арасында Тарбағатай ауданындағы ұлттық спорт түрлерінің «Тұлпар» спорт клубы, «Восток», «Семей» футбол клубтары, спорттық ойын түрлері бойынша «Алтай» спорт клубы көрсетілген.

Нұрлан Можанов бәсекелестік ортаға өткен барлық кәсіпорындар өз бейінін сақтап қалатынын ескертті. Үстіміздегі жылы коммуналды меншіктегі тағы 14 кәсіпорынды және «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясының үш еншілес ұйымын бәсекелестердің қолына беру жоспарланған.

Айна Ескенқызы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде