USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Комендантка қайта батпақтанып кетті

Комендантка қайта батпақтанып кетті
– Көктемгі қар суының ағуынан бұзылып, ұсқыны кетіп қалған құрылысты кім қалпына келтіреді, жалпы саябақ аумағындағы құрылыс жұмыстары биыл жалғасын таба ма? Комендантка өзенінің ШҚМУ-дан Карбышев көшесіне дейінгі бөлігі қашан жөнделеді, паркке айнала ма?

Ахмет Құрмашев, зейнеткер
Өскемен.

Сауалға Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Асқар Жақсылықов жауап береді:

– Комендантка өзенінің аумағын абаттандыру жұмыстарымен бұрындары облыстық құрылыс басқармасы шұғылданған болатын. Қаржының жетіспеушілігі салдарынан басталған құрылыс жұмыстарының бір бөлігі аяқсыз қалды. Соның салдарынан канал арнасындағы суды тоқтату мүмкін болмай, қайтадан батпақтанып кетті.
Алайда, қала аумағын абаттандырып, тұрғындарға барынша қолайлы жағдай туғызу мақсатында 2016 жылы «Эсиль-Энергосервис» ЖШС Комендантка өзенінің Суретшілер үйі мен Амур көшесіне дейінгі аралығын қайта жөндеу, абаттандыру жұмыстарын қолға алды. Атап өтерлігі, құрылыс жұмыстарының бір бөлігі биылғы жылға ауыспалы болғандықтан, нысан басындағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын алдағы маусым айында аяқтау жоспарланған.
Атқарылған жұмыстар қала тұрғындарының көз алдында. Сонымен бірге тапсырыс беруші және техникалық қадағалаушы мекеме тарапынан тұрақты бақыланады. Сонымен бірге нысан құрылысы тапсырылған соң да шартқа сәйкес үш жыл көлемінде кепілді қызмет көрсетіледі.

Әзірлеген: Дәурен Аллабергенұлы
Сурет: YK.kz сайтынан
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде