USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Пәтердің бұрынғы иесінің қарызы жаңа қожайынға ауыса ма?

Пәтердің бұрынғы иесінің қарызы жаңа қожайынға ауыса ма?– Біз жақында баспана сатып алған едік. Артынан білсек, бұрынғы қожайынның атында «Алма-ТВ» кабельдік теледидары қызметі үшін қарыз қалған екен. Бұл жағдайда қарыз автоматты түрде біздің атымызға өте ме? Жалпы, мұндай жағдайда бірінші кезекте не істеу қажет?

Сағыныш Әлімбекқызы.
Глубокое ауданы.

Сауалға «Алма-ТВ» компаниясының Өскемендегі кеңсесінің менеджері Зухра Шоқанова жауап береді:

– Егер кабельдік телевидение қызметін ұсыну туралы келісімшарттың талаптарын мұқият қарар болсаңыз, «Тараптардың құқығы мен міндеттері» бөлігінде «Абонент оператордың жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға келісімшарт бойынша құқығы мен міндеттемелерін бермеуге міндеттеледі» деп жазылған. Бұл дегеніміз, баспананың алдыңғы иесінің қарызы жаңа қожайынға ауыспайды деген сөз.

Бұл үшін баспананың бірінші иесі өзімен жасалған келісімшартты бұзуы тиіс. Ал Сіз өз кезегіңізде жаңадан шарт жасауыңыз қажет не болмаса бұрынғы мекенжайыңызда «Алма-ТВ» қызметін пайдаланған болсаңыз, қайта рәсімдеу керек болады.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде