USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жәрмеңкелерде еттің орнына сүйек-саяқ салып жібергенді қысқарту керек

 Жәрмеңкелерде еттің орнына сүйек-саяқ салып жібергенді қысқарту керек
Өскемендегі «Freshmarket» фермерлік гастрономының алдында өткен жәрмеңкеде Көкпекті ауданының 17 ауылдық округінен келген шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынды. Жәрмеңкені облыс әкімінің орынбасарлары Нұрымбет Сақтағанов пен Дүйсенғазы Мусин аралады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жәрмеңкеде сиыр еті – 1300-1500, жылқы еті – 1300-1600, тартылған ет – 1500, қой еті – 1200, шошқа еті – 1200, шортан, көксерке, мөңке балықтары – 650-800, шортан 1000 теңгеден сатылды. Ал балдың бағасы барлық сауда сөрелерінде келісі – 900, сарымай – 1500, он дана жұмыртқа 240-290 теңгеден қойылды. Картоп – 70-100, сәбіз – 80, орамжапырақ 90 теңге аралығында болды.

Жәрмеңкені аралап шыққан облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановқа қала тұрғындары сауда сөрелерінде көрсетілген бағаға сүйек-саяқ болмаса, ет келмейтінін айтып шағымданды. Тұтынушылардың айтуынша, сүйексіз таза еттің бағасы сөредегіден 300-400 теңгеге қымбат сатылуда.

– Бұл мәселені облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары ретке келтіретін болады. Мысалы, үш келі ет алғанда осыншама келі сүйек қосылып берілуі тиіс деген нақты бір ереже бекітілуі тиіс. Себебі, зейнеткерлер мен қарт адамдарды алдап, сүйек-саяқ салып жіберетін жағдайлар жәрмеңкеде орын алмау керек, - деп ескертті Нұрымбет Сақтағанов.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде