USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскемендіктер ағаш көшеттерін ерекше тәсілмен отырғызып жатыр

Өскемендіктер ағаш көшеттерін ерекше тәсілмен отырғызып жатыр
Өскемендегі экологиялық қауіпсіздік орталығының ұйымдастыруымен «Евромед» клиникасының ауласына ағаш көшеттері ерекше тәсілмен отырғызылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Экологтардың айтуынша, ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарына «AQUASORB» ылғал сақтағыш гидрогелі қолданылған. Осы орайда, аталмыш гельдің ағаш көшеттерінің жылдам өсуіне септігін тигізетінін айта кеткен жөн. Өткен жылы экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары қала маңындағы таулардың етегіне қайың, маньчжур жаңғағы, шаған, көктерек ағаштарын «AQUASORB» ылғал сақтағыш гидрогелінің көмегімен егіпті.

– Кез келген өсімдіктің бойында 95 пайыз ылғалды сақтап тұруға қауқары жететін «AQUASORB» ылғал сақтағыш гидрогелінің көмегімен суды үнемдеуге болады. Қантқа ұқсайтын кристал тәріздес гельдің құрамында азот пен көмірқышқыл газы бар, - дейді экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянцева.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде