USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО тұрғындары 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін атап өтуде

ШҚО тұрғындары 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін атап өтуде
ШҚО тұрғындары 1 мамыр – Халықтар бірлігі күні мерекесін атап өтуде. Бұл күні облыс барлық аймағында мерекелік концерттер мен түрлі шаралар жоспарланған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан орталық алаңға жиналған қала тұрғындары мен қонақтарын ШҚО әкімі Даниал Ахметов құттықтады.

– Сіздерді шын жүректен жалпыхалықтық мереке Халықтар бірлігі күнімен құттықтаймын. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдің алмайтын қамалы, бағындырмайтын белесі жоқ. 25 жылда беделді халықаралық ұйымдардың мүшесіне айналған Қазақстан Республикасы, әлем елдері үшін бейбітшіліктің теңдесіз үлгісіне айналып отыр. Мәңгілік ел болуды көздеген еліміздің халқы бір шаңырақ астында ұйысып, біртұтас ұлтқа айналды. Бұл жаһандық деңгейдегі қайраткер Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі, – деді Даниал Ахметов.

Бұл күні Өскемен қаласындағы барлық саябақтар есігін айқара ашып, жұмысын бастады. Орталық алаңда концерттік бағдарламадан бөлек ауыл-шаруашылық жәрмеңкесі, спорттық сайыстар өтуде.
ШҚО тұрғындары 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін атап өтуде
Сондай-ақ, қала жастары отандық автокөліктермен ««EXPO-2017 ASTANA» автошеруін өткізсе, алаңда «EXPO-2017 ASTANA – БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ!» акциясын өтуде. Акция аясында викториналық сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушыға сыйлыққа «EXPO-2017» көрмесіне билет беріледі.

Ал кешке «Студенттік көктем – 2017» байқауының гала-концерті өтсе, орталық алаңдағы жарық шұғылалы субұрқақ іске қосылмақ. Мереке би кешімен жалғасын табады
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде