USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Биыл Өскемендегі трамвайлардың саны үш есе көбейеді

Биыл Өскемендегі трамвайлардың саны үш есе  көбейеді
Өскеменде трамвайлардың саны үш есеге артады. Ал Семей көшелеріне 200-ден астам жаңа автобус шығады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Аймақ басшысының айтуына қарағанда, бүгінде Өскемен қалалық травмай паркі жартылай банкрот кәсіпорын болып саналады.

– Күн сайын линияға шығып, адам тасымалдап жүрген трамвайлардың біразы өткен ғасырда құрастырылған техника. Біз бұл олқылықты жойғымыз келеді. Сондықтан 2017 жылдың үшінші тоқсанының соңына дейін трамвайлардың санын үш есеге дейін арттыратын боламыз. Бұған қоса, Өскемендегі трамвай қозғалысының жүйесі де жаңғыртылатын болады, – деді облыс әкімі.

Сол сияқты, Семейдегі қалаішілік жолаушыларды тасымалдау мәселелерін шешу бағытында да айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.

– Қазір Еуропалық қайта құру және даму банкімен тиісті келіссөздер жүргізудеміз. Бір мәмілеге келгеннен кейін, Семейге 200-ден астам су жаңа автобус сатып әпереміз, – деді аймақ басшысы.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде