USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО-да жауапты компаниялар бүлінген жолдарды маусым айына дейін жөндеуге міндеттелді

ШҚО-да жауапты компаниялар  бүлінген жолдарды маусым айына дейін жөндеуге міндеттелді
Өткен жылы облыстық маңыздағы жолдардың 39 бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Соның 20-сынан көктемгі тексеру кезінде ақау анықталған. Бір қызығы, жол жөндеуге тартылған компаниялардың барлығының жұмысынан кемшілік шығып отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Енді олар бүлінген жолдың бәрін кепілдік міндеттеме аясында маусым айына дейін жөндеуге тиіс. Мақаншы-Жалаңашкөл, Ақсуат-Қарасу, Өскемен-Северное, Семей-Қарауыл, Үлкен Нарын-Күршім, Күршім-Қалжыр, Мамай батыр-Бозанбай, Өскемен-Самар, Өскемен-Бұқтырма, Бородулиха-Шемонаиха, Зайсан-Аққойын, Үлкен Бөкен-Үлгілі малшы бағытындағы жолдардың бойында бір қыстың ішінде пайда болған шұңқырлар мен сызаттар қайта тегістелмек.


Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаев бұдан былай сапасыз жөндеудің ақауымен күресте басқа тәсіл қолданылатынын атады.

-Жылда осы. Бір жұмысты екі қайтара істейміз. Сапалы етіп жөндесеңіздер, бір қыстан аспай қалмас еді ғой. Мысалы, Умыш асуындағы бөлікті жөндегелі жеті жыл болса да, бірде-бір сызат түспеген. Солай етіп неге жасамасқа? Барлық мәселе технологияның сақталуында. Бұдан былай екі жыл қатарынан ақау жіберген компанияларды конкурсқа жібермейтін боламыз, - деді ол.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде