USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Тарбағатайда ауыларалық автобустар жүре бастады, билет - 50 теңге

Тарбағатайда ауыларалық автобустар жүре бастады, билет - 50 теңге
Тарбағатай ауданындағы Екпін мен Қарғыба, Ақжар ауылдарына автобус қатынай бастады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың айтуынша, бірінші бағыт аудан орталығы Ақсуат пен Екпін және Қарғыба ауылдарын жалғайды. Ал екінші бағыт 90 шақырымдағы Ақжар елді мекеніне күнделікті жүріп тұрады. Автобус билетінің бағасы халықтың қалтасына салмақ түсірмейтіндіктен тарбағатайлықтар дән риза.

– Жолақы құны 50 теңгені құрайды. Жолаушылар тасылмалдаумен айналысатын екі кәсіпкерге қалған қаржыны аудан бюджетінен қосымша қарастырылған қаражат есебінен төлеп отырмыз. Екі ауылға екі миллион теңгеден есептеп отырсақ, жылына төрт миллион ақшаны бюджет есебінен бөлуге болады. Бұл әрине, аудан бюджеті үшін көп ақша емес, – дейді аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
6 комментариев
  1. Маша апай
    Керемет.жақсы жаңалық екен
  2. Миссис Линда
    Ай 50тенге деген ақсу аттан ақтарға дейын мүмкін емес сияқты. Ақтардың ишинде болса сенер едим...
  3. Аигул
    Аудан акимине халкы разы енди Аккала Кокжыра ауылдарына дин катынаитын болса жаксы болар еди
  4. Ержан
    Керемет жаналык бул.Естимеген елде коп демекши,халктын жагыдайын ойлаган аким нагыз ер азамат деп туснем.Осындай халктын жагыдайын ойлайтын ер азаматтарымыз болаберсин.1000-жасаныз
  5. Калел Тусибжанов
    Өте дұрыс,аудан азаматтарына көп рахмет! Енді алыс ауылдарды да (Үштөбе-Қызылкесік-Ақсуат) ұмытпай,жолаушылардың алғысын ала беріңіздер(əсіресе,осындай маусымдық уақыттарда).
  6. Кунафышева Динара
    Жагымды, жаксы жаналык екен, дегенмен 50 тенге дегенге сену киындау сиякты. Бул автобус тек Аксуат-Акжар гана емес барлык ауылдар арасында журсе жаксы болар еди.............
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде