USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ескіріп сынғалы тұрған тұрған жүргізуші куәлігін ауыстырып алуға бола ма?

Ескіріп сынғалы тұрған тұрған жүргізуші куәлігін ауыстырып алуға бола ма?– Менің жүргізуші куәлігім шытынап сынғалы тұр. Оны қалай ауыстыруға болады және кез келген ауданнан ауыстыруға бола ма? Ол үшін қандай құжаттар қажет және қанша ақша төлеу керек болады?

Есен Закариянов
Күршім ауданы.

Сауалға Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Бақытжан Торғаев жауап береді:

– Сынғалы тұрған жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан бөлімшелеріне (ТЕБ) келесі құжаттарды ұсыну қажет болады:
1) жүргізуші қуәлігін ауыстыру үшін толтырылған өтініш;
2) жеке куәлік және оның көшірмесі;
3) №083/у үлгідегі медициналық анықтама және оның көшірмесі;
4) мекенжай туралы анықтама;
5) жүргізуші куәлігін беру үшін 2 836 теңге мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек;
Жүргізуші куәлігін ТЕБ жақын маңайда орналасқан Зайсан қаласында, Көкпекті ауылында немесе ШҚО ІІД ӘПБ тіркеу-емтихан жұмысы бөлімінде (Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 73/1 мекенжайында, 114 кабинетте) ауыстыруға болады.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде