USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шығыс Қазақстан өңделген өнім экспорты бойынша үздік үштікке кірді

 Шығыс Қазақстан өңделген өнім экспорты бойынша үздік үштікке кірді
Шығыс Қазақстан өңделген өнім экспорты бойынша облыстар арасында алғашқы үштікке енді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. kapital.kz іскерлік ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.

Жалпы, еліміз өткен жылы 12,9 млрд. теңгенің өңделген өнімін сыртқа сатқан. Бұл барлық экспорттың 35 пайызына тең. Өңірлер арасында аталмыш көрсеткіш бойынша Қарағанды облысы үш миллиард доллардың өнімімен көш бастап тұр. Қарағандылық кәсіпорындар сыртқа негізінен тазартылған мыс, тегістелген темір мен болат, күміс шығарған.

Қарағандының ізін ала, екінші орынға біздің облыс жайғасты. Шығысқазақстандық кәсіпорындар жыл бойында 1,9 млрд. теңгенің өңделген өнімін экспорттапты. Бұл жалпы облыс бойынша экспортқа шығарылған өнімнің 84,6 пайызын құрайды. Біздің облыс негізінен мырыш, күміс, тазартылған мыс сияқты өнімдерді сыртқы нарыққа жөнелтіпті. Үздік үштікті 1,6 млрд. доллардың өнімімен Алматы қаласы түйіндеп тұр. Осы үш облыстың үлесі Қазақстан бойынша өңделген экспорт өнімінің тең жартысын алып тұр.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде