USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскеменде ең көп жасалатын ұрлық түрлері айтылды

Өскеменде ең көп жасалатын ұрлық түрлері айтылды
Облыс прокуратурасы Өскемен қаласында жасалатын қылмыстарға талдау жүргізіп, ұрлықтар санының өскенін анықтап отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ұрылар көбінесе, адамдардан смартфондарын қоңырау шалу үшін сұрап алып, қашып кетеді.
Облыс прокуратурасы Өскемен қаласындағы криминогендік ахуалды ерекше назарда ұстап келеді. 2017 жылдың бірінші тоқсанында 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда қылмыстардың азаюына қарамастан, (бұзушылықтардың саны 18 пайызға азайған) қалада ұрлық саны өскен.

Қылмыстардың 60 пайызын ұрлық құрайды. Ұрылардың көшеде жүргіншілерден жедел қоңырау шалу үшін смартфондарын сұрап алып, қашып кету фактілері көп тіркелген. Қымбат телефондарды қоғамдық көліктерде, ойын-сауық жерлері мен кафелерде де жиі ұрлайды екен.

Қылмыстан зардап шегушілер өз үйлеріне бөтен адамдарды кіргізген соң, кейіннен қымбат заттарының жоғалғанына көздері жетеді.

Көп жағдайларда ұрылар интернеттегі және әлеуметті желілердегі жарналамаларды, электронды сауда алаңшаларын да пайдаланады. Олар қымбат смартфонды өз бағасынан арзанырақ сатамыз деп жарнама орналастырады. Сатып алушыға кепіл түрінде 10-20 мың теңге кепілақы аударуын сұрайды. Кейіннен сатып алушы аталған соманы мобильді есепшотқа немесе электронды әмиянға аударған соң, сатушы іс-түссіз жоғалады.

Кейде, клиенттер ойын қосымшасын жалға алып, заңды иесіне қайтармай қояды. Сондай-ақ, қылмыскерлердің жоғары номиналды жалған ақшаға заттарды сатып алу оқиғалары да жиі байқалған.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде