USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Еуропалық банк Зырянның инфрақұрылымын қаржыландыратын болды

Еуропалық банк Зырянның  инфрақұрылымын қаржыландыратын болды
Алдағы үш жылдың көлемінде Зырян қаласының инженерлік инфрақұрылымы адам танымастай өзгереді. Облыс басшысы Даниал Ахметов бұл істі Еуропа қайта құру және даму банкі қаржыландыратынын айтады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Еуропалық қаржы алпауыты бұл іске үш миллиард теңгеден астам инвестиция құюы мүмкін. Осы қаржы есебінен Зырян қаласының сумен қамту жүйесі жаңаланып, жылу қазандықтарының мәселесі біржола шешілмек. Бұдан бөлек концессиялық жоба аясында аудандық қазандықта турбиналық бөлімше салу көзделген. Қос турбиналы генератордың арқасында күніне алты МВт элетр қуаты өндіріліп, жылу беру қуаты 128 гигакаллориядан 140,2 гигакаллорияға артады. Осының бәріне 1,4 млрд. теңгеден астам қаражат керек. Концессиялық жобаны «Перспективная технология» ЖШС қолға алмақшы.

Осы салада өмір бойы жұмыс істеген, белгілі сарапшы Виктор Недовесов аталмыш жоба ең әуелі «Жасыл экономика» қағидаттарына сай ойластырылғанын айтады.
-Бұған дейін біз қазандықтың қысымын арттыру үшін көп энергияны босқа шығындайтынбыз. Жаңа бөлімшені салу арқылы жыл сайын мың тонна көмірді үнемдеп қалуға болады. Бұған дейін қазандық арқылы электр өндіру басы артық шаруа сияқты болатын. Енді күніне 6 МВт энергия өндірмекпіз. Бұрын Ертістің ағынына сеніп, көмірдің молдығын алға тартып, талай тиімді жобаларды бесігінде тұншықтырып келдік. Қазір соларды қайта тірілте бастадық. Солай болуы керек, - дейді ардагер энергетик.

Аталмыш қазандықтың №5 агрегатындағы құрылыс жұмыстарын аяқтауға облыс бюджетінен 179,4 млн. теңге бөлінбек. Аймақ басшысы Даниал АХМЕТОВ аудандық қазандық Концессия туралы заңға сәйкес жауапты мердігердің пайдалануына өтетінін айтып, оған жалғанған барлық жылу желісі де кинцессионердің қарамағына берілу керектігін ескертті.

Облыс басшысы шаһардағы құрылыс және транспорт колледжіне де бас сұқты. Жылына 88 түлек шығаратын білім ошағының директоры Светлана Маслова шәкірттерінің 82 пайызы бірден жұмысқа ілігетінін айтады. Колледжде сырттай және іштей негізде 632 шәкірт білім алуда. Олардың 39 пайызы мемлекеттік тапсырыс негізінде оқиды. Аймақ басшысы мұндай маңызды мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс көбірек бөліну керектігін айтып, білім басқармасына тиісті тапсырма берілетінін жеткізді. Білім ошағы құрылыс пен көлік қатынасынан бөлек менеджмент жүйесін де меңгертуді жолға қойыпты.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде