USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскеменнің Стрелкасына жаңа ресми атау беріледі

Өскеменнің Стрелкасына жаңа ресми атау беріледі
Облыс орталығының Стрелка ықшам ауданында орналасқан Даңқ мемориалы кешені бұдан былай ресми түрде «Жеңіс саябағы» деп аталып, өскемендіктер мен қала қонақтарының сейіл құратын тамаша демалыс орнына айналмақ, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жеңісті жақындатуға үлес қосып, сол жолда туған топыраққа қайта оралмаған жерлестер рухына тағзым етушілер жиі келетін бұл көрікті мекен Жеңіс мерекесінің қарсаңында мүлде жаңаша түрге енбек. Тіпті, тегін Wi-Fi да болмақ. Бұл жөнінде кеше облыс орталығындағы жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстары барысымен танысқан облыс әкімі Даниал Ахметов мәлім етті.

Мемориал кешенінде қайта жаңғырту жұмыстарын уақытында жүргізіп жатқан мердігер мекеме «Беловодье» ЖШС директорының орынбасары Данияр Сужановтың айтуынша, мұндағы жұмыстар өткен жылдың маусым айында басталып, бүгінде басым дені аяқталған. 1 мамырға дейін толық аяқталмақ.

Мердігер мекеме 7 шақырым болатын суару жүйесін толық жаңартып, 19 мың шаршы метр аумаққа асфальт жабындының орнына тас плиткалар төсеп шыққан. 38 мың шаршы метр аумаққа көгал алаңы егілген. Заманауи талапқа сай 255 дана жарықтандыру құрылғыларын орнатып шыққан. Кешендегі майданда қаза болғандар тізімі мен батыр жерлестеріміздің есімдері қашалған ескерткіштердің жазулары алтын түстес бояумен қайта жазылған. Енді келушілер отыратын арқалы орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату ғана қалып отыр. Ең бастысы, қолданылған жарық орнатылған бағаналар, орындықтар, өзге де материалдардың бәрі - Өскемендегі «Машзауытта», «Казцинкте» жасалған отандық өнімдер.

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
1 комментарий
  1. Арай
    Тамаша атау. Қуаныштымыз
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде