USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Биыл Зайсанның тоғыз ауылына газ құбыры тартылады

Биыл Зайсанның тоғыз  ауылына газ құбыры  тартылады
Биыл Зайсан қаласындағы Заречный, Партсъезд, Шевченко мөлтек аудандары мен аудандағы тоғыз ауылға газ құбырлары тартылатын болады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алмат Арсламбековтің айтуынша, биыл Зайсандағы Қарабұлақ, Кеңсай, Қайнар, Айнабұлақ, Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Қаратал, Үлкен Қаратал ауылдарына газ құбырлары тартылмақ.

– Газ құбырларын салуға қомақты қаржы бөлініп отыр. Аталған ауылдардың алтауы толықтай газ желісіне қосылуға дайын. Ал Шалқар, Көгедай, Үлкен Қаратал ауылдарында осы бағыттағы жұмыстар атқарылып жатыр. Жуықта аудан орталығындағы Шевченко мөлтек ауданын да газға қосылғанын айту керек. Сондай-ақ, Заречный және Партсъезд мөлтек аудандарында газ құбырларын тарту жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр, - дейді Алмат Арсламбеков.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
1 комментарий
  1. жанылган мустафина
    Сартерек ауылына кашан газ кубыры тартылады?
Көп оқылған
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде