USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шемонайха ауданына Оңтүстік Қазақстан облысынан 50 отбасы көшіп келеді

Шемонайха ауданына Оңтүстік Қазақстан облысынан 50 отбасы көшіп келеді
Биыл Шемонайха ауданына Оңтүстік Қазақстан облысынан 50 отбасы көшіп келеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандарының айтуынша, биыл Шемонайхада еліміздің оңтүстік өңірлерінен көшіп келетін жерлестерімізге арналған 60 пәтерлі тұрғын үй салынады.
– Оңтүстіктен келетін жас мамандар қызметтік баспана алғанға дейін ай сайын 75 мың теңге пәтерақы мен 70 мың теңге көлемінде бір реттік субсидия алып отырады. Қазір біздің ауданымызға ауыл шаруашылығы саласын жетік білетін мамандар қажет. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері тапшы, Мысалы, қазір аудандағы бірнеше ауылдық округте фельдшерлер қажет. Сондай-ақ, қазақ тілі және әдебиеті сабағының мұғалімдері керек, - дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы В.Лисина.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде