USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Суреттерге «жан бітірген» көрме

Суреттерге «жан бітірген» көрме

3-D формат. Ұшқан құстай зымыраған заманның талабына сай жаңа жанр. Соңғы жылдары 3-D фильм, 3-D фото, 3-D суреттер сәнге айналып үлгерді. Жуықта Өскемендегі Металлургтер сарайында 3-D форматтағы фотосуреттердің көшпелі көрмесі өтті.

Бұл көрменің бір ерекшелігі суреттер шынайы өмірмен үндесіп жатқандай көрінеді. Үлкен залдың қабырғаларына акула, арыстан, аю сынды жануарлардың суреттері ілінген. Бейне бір бері қарай атылып шығып кетердей көрінеді.

Көрмені тамашалауға келген балалар 3-D суреттердің жанында фотоға түсіп мәз. Суреттердің шынайылығына сеніп, қорқып қашқан бүлдіршіндер де жоқ емес. Кішкентай баланы қойып, ересектердің көзіне нанымды көрінеді. Белгіленген нүктеден ілінген суреттердің жанына барып суретке түссеңіз, сол жерде бірге жүргендей көрінесіз. Ал еденге жапсырылған аң суреттері тіпті таң қалдырады. Жермен жер болып жатқан картиналарға белгіленген нүктеден қарасаңыз, аңды тірідей көргендей боласыз. Жаңа бағыттағы көрмеге әсіресе мектеп оқушылары мен мұғалімдері ағылып келіп жатты.
Қала мектептерінде тоғыз жасқа дейінгі балалар үшін көрменің билеттері тегін таратылса, ересектер үшін 1000 теңге.

- Көрмеге мектеп мұғалімдері ертіп әкелді бізді. Суреттер дәл осылай жанды көрінеді деп ойламаппын. Керемет әсер алдық. Көрмені ұйымдастырғандарға рақмет айтамын, - дейді төртінші сынып оқушысы Мейіржан Томанов.
Ал көрмені ұйымдастырушы, суретші Арман Ғабиденовтің айтуынша, көшпелі көрме Қазақстанның ірі қалаларын аралап шығуға дайын. Тек облыстардан шақырту түссе, сапарға шығады.

- 3-D көрмені қабылдауға ниетті қалалар көп. Көрмеге қойылатын суреттерді үнемі жаңартып отырамыз. Өскеменнен кейін Семей қаласында ұйымдастыру жоспарда бар, - дейді ұйымдастырушы Арман Ғабиденов.

Олжас Бағдәулет
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде