USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Биыл шығыстағы өсімдік шаруашылығын қолдауға 2,36 млрд теңге бөлінді

 Биыл шығыстағы өсімдік шаруашылығын қолдауға 2,36 млрд теңге бөлінді
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков, облыс әкіміне көктемгі егіс науқанына дайындық барысы туралы баяндады.

Биыл облыс бойынша 1,3 млн гектар алқапқа тұқым себілмек. Оның 605 мың гектарына дәнді дақылдар, 298 мыңына жемшөп, 358,4 мыңына күнбағыс, 21,3 мыңына картоп, 12,3 мыңына көкөніс егу жоспарланған. Егін себуге қажет техниканың 90 пайызы сақадай сай. Жалпы биыл өсімдік шаруашылығын қолдауға 2,36 млрд теңге бөлініпті. Атап айтқанда, тұқым шаруашығын дамытуға – 503,9 млн теңге, минералды тыңайтқыштың құнын арзандатуға – 1,1 млрд теңге, гербицидтер құнын арзандатуға – 600 млн теңге, су беру шығынын субсидиялауға 156,3 млн теңге қарастырылған.

Облыс әкімі Даниал Ахметов егіс құрылымын қатаң сақтау қажеттігін ескертіп, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Серікжан Жақаевқа әсіресе күнбағыс алқаптарының көлемін назарда ұстауды тапсырды.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде