USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Аттестат алу үшін оқушылар енді бес түрлі емтихан тапсыруы тиіс

 Аттестат алу үшін оқушылар енді бес түрлі емтихан тапсыруы тиіс
Білім саласындағы түлектерді аттестациялауға қатысты реформалық өзгерістердің облыста қалай жүзеге асатынын ШҚО білім басқармасының басшысы Айжан Садықова баяндады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Араға 13 жыл салып бірыңғай тестілеу мен мектеп бітіру емтихандары қайтадан ажыратылып отыр. Яғни мектеп түлегінің аттестатын алу үшін оқушылар бес түрлі емтихан тапсыруы тиіс. Оның біріншісі ана тілінен жазбаша эссе жазуға бағытталған. Екінші кезеңде түлектер алгебра және талдау негіздері бойынша жазбаша бақылау тапсырады. Үшінші кезеңде Қазақстан тарихынан ауызша емтиханнан өтсе, төртінші кезеңде қазақ тілді мектептерде орыс тілінен, орыс тілді мектептерде қазақ тілінен тестілеу жүргізіледі.

Бесінші кезеңде оқушы өзі таңдаған пәні бойынша тест тапсырады. Таңдау пәні ретінде физика, химия, биология, география, геометрия, жалпы тарих, әдебиет, шет тілі, информатика ұсынылады. Қазіргі болжам бойынша биыл 9077 түлек мектеп бітірмек. Соның 8966-сы қорытынды аттестациялауға қатысса, 111 түлек денсаулығына байланысты бітіру емтихандарынан босатылған. Түлектердің 68,4 пайызы мемлекеттік тілде емтихан тапсыруға ниет танытыпты. Биыл «Алтын белгі» мектеп директорларының бұйрығымен берілмек. Әйтсе де, бұл тізімді министрлік тікелей қадағалайтын болады. Облыс бойынша 536 түлек «Алтын белгіге» үміткер ретінде тіркеліпті.

-Таңдау пәндерінің ішінде биология (35,9 пайыз), физика (26,5 пайыз) және география (16,2 пайыз) көш бастап тұр. Бұл түлектердің техникалық мамандықтарға бет бұрғанын көрсетеді, - дейді Айжан Садықова.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде