USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО полицейлеріне 143 жаңа автомобиль сатып алынады

ШҚО полицейлеріне 143 жаңа автомобиль сатып алынады
Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Алмасхан Сматлаев «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды депутаттар назарына ұсынды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Басқарма басшысы келтірген деректерге сүйенсек, алдағы екі жылға арналған бюджеттің басым бөлігі бірінші кезекте көктемгі дала жұмыстарына бағытталады. Бұл мақсатта облыс фермерлеріне субсидия үшін 1 млрд. 383 млн теңге арнайы бөлініп отыр. Алайда, сессия барысында сөз алған депутаттар бұл сома ұлғайтылу жағынан әлі де нақтылана түсетіндігін атап көрсетті. Тағы бір 1 млрд. 356 млн. теңге облыстың ішкі істер саласына берілмек. Сол арқылы олардың материалдық-техникалық базасын түбегейлі жаңарту жоспарлануда. Өңірдің барлық аудандарына жиыны 143 автокөлік және заманауи рациялар мен бейне регистратор сатылып алынбақ.

– Материалдық-техникалық жаңартылудан, қажетті қолдаудан денсаулық сақтау саласы да шет қалмайтын болды. Оған 800 млн. теңгеге жуық қаржы беріледі. Естеріңізде болса, бұл жөнінде былтыр мәселе көтерген облыс басшысы Даниал Ахметов Өскемен қаласында заманауи үлгідегі медициналық жәрдем көрсету мақсатындағы көліктердің пайда болатындығын айтқан болатын. Енді міне, облыс орталығына биыл 2 «Мерседес» базасындағы реанимобиль және 11 «Фольксваген» көлігі сатылып алынбақ. Мұның сыртында Өскемен қаласында бір, Семейде екі ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүреді. Бұдан бөлек 50 дәрігер Семей медициналық университетінің базасында ағылшын тілінен білімін жетілдіреді, - деді басқарма басшысы Алмасхан Сматлаев.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде