USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Кен өндіретін кәсіпорын ақынға ескерткіш қойып беретін болды

Кен өндіретін кәсіпорын ақынға ескерткіш қойып беретін болды
Жарма ауданының Қалбатау ауылында Қалихан Алтынбаевқа ескерткіш қойылатын болды. Бұл игі іске «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС қаржылай демеу көрсетпек, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Осынау сүйінші жаңалықты бізге аталмыш кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлады. Жалпы биыл Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны мен Жарма ауданының әкімдігі әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық туралы 30 млн. теңге көлеміндегі меморандумға қол қойыпты. Соның ішінде айтыскер ақын, өлке тарихын зерттеуші, жазушы Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдық мерейтойына қатысты шараларға қаржылай қолдау көрсету де көзделген. Мерейтой қарсаңында өтетін республикалық айтыс пен ақын ескерткішін тұрғызу шараларына ауданның өзге кәсіпорындарымен бірге кен байыту компаниясы да атсалыспақ.

Екіжақты меморандум аясында бұдан бөлек Әуезов кенті мен Шалабай ауылдарын әлеуметтік тұрғыдан қолдау шаралары жүезе асатын болады. Оның ішінде Шалабай-Солнечное бағытындағы жолға екі автобус аялдамасын салу, Әуезов кентіндегі дәрігерлік амбулаторияның екінші қабатын жөндеу жобалары тұрғындардың көптен бері айтып жүрген мәселесін шешпек. Сондай-ақ, аталмыш екі елді мекеннің емханаларын бағалы медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету көзделген. Дәстүр бойынша, ағымдағы жылы мектеп бітіретін түлектерге төрт тегін оқу гранты бөлінбек.

- Әлеуметтік жауапкершілігі бар кәсіпорын ретінде біз жақын маңдағы елді мекендердің әлеуметтік жағдайына үлкен көңіл бөлеміз. Осы мақсатта жыл сайын аудан әкімдігімен бірге Әуезов кентінің және Шалабай ауылының жергілікті инфрақұрылымын одан әрі дамыту бойынша жұмыс істеп келеміз. Барлық жобалар жергілікті тұрғындардың ұсыныстарын есепке ала отыра жасалады, - дейді кәсіпорнының бас директоры Юрий Овчинников.

Жыл соңына қарай Бақыршық кенішінде 622 адам жұмыс істейтін болады. Ал 2018 жылы кәсіпорын жұмысшыларының саны 779 адамға жетеді деп күтілуде.

Есжан Ботақара
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде