USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Елбасыға Өскеменде құрастырылған тұңғыш қазақстандық электромобиль таныстырылды

Елбасыға Өскеменде құрастырылған тұңғыш қазақстандық электромобиль таныстырылды


Жұмыс сапарымен ШҚО-ға келген Мемлекет басшысының назарына тұңғыш қазақстандық электромобиль таныстырылды.

Қарапайым электрден қуат алатын KIA Soul EV микровэні осыдан бір жыл бұрын құрастырылған екен. Бұл көлік қуаты 200 шақырымға дейін жететін полимерлік литий-ионды батареясымен жабдықталған. Электрқозғалтқышында 110 аттың күші бар. Ал жылдамдығын сағатына 145 шағырымға дейін жеткізе алатын көрінеді. Оны Елбасыға таныстырмас бұрын түрлі сынақтардан өткізіліп, жылдың әр мезгіліндегі климатқа төзімділігі тексеріліпті. Көліктің аккумоляторы қыста жылытып, жазда салқындататын қаптамамен қорғалған. Президент бұл саладағы аса жоғары технологияның Қазақстан аумағында игерілгеніне ризашылығын білдірді.

- Мен бүгін ел дамуында маңызы зор Өскемендегі «Азия Авто» кәсіпорнында болдым. Бұл кәсіпорын құрылғанға дейін Қазақстан автомобиль шығарып көрмеген. Әзірге мұнда құрастыру өндірісі жолға қойылған. Әлемнің барлық елдері осылай құрастырудан бастаған. Сол арқылы адамдарын үйретіп, кейін біртіндеп жергілікті мазмұнды арттырған, соңында толықтай өздері өндіретін болған. Зауыттың жас мамандарымен, осында істеп жүрген «Болашақ» түлектерімен сөйлестім. Біздің қазақ жастары мұндай өндіріске ешқауытта жіберілмейтін болған. Соларды көргеніме қатты қуанып отырмын. Өзінің мамандығын жоғары деңгейде игерген, шетелдерге барып үйренген жастармен кездестім. Біздің шығарып отырған көліктеріміздің ең арзаны жеті мың, ең қымбаты 15 мың доллар тұрады. Мұндай баға халыққа да жайлы, бәсекеге де қабілетті деп санаймыз. Бұл көліктерімізді көршілерімізге де сатамыз, - деді Елбасы.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде