...
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскеменде көшедегі қораптан күдіктенген полицейлер жол қозғалысын тоқтатты

Өскеменде  көшедегі қораптан күдіктенген полицейлер жол қозғалысын тоқтатты



Өскеменнің орталық көшелерінің жиегінде тұрған күмәнді қораптан күдіктенген тұрғындар полицияға қоңырау шалған.

Кеше өскемендік тәртіп сақшылары Ауезов даңғылы бойындағы «Дюмовочка» дүкенінен бастап «BarBQ» ресторанына дейінгі аралықты қоршауға алды. Көлік қозғалысы тоқтатылып, күмәнді қорап тұрған жерге арнайы мамандар жеткізілді.

-Кешкі 16:40-тар шамасында тұрғындардан Әуезов даңғылындағы №60 үйдің маңында күмәнді қорап тұр деген хабарлама түсті. Көрсетілген жерге жедел жеткен полиция қызметкерлері аумақты бақылауға алып, көлік қозғалысын тоқтатты. Қорапты тексеру барысында, оның ішінде тұрмыстық қалдықтар ғана бар екендігі мәлім болды. Оны белгісіз біреу қоқыс жәшігіне жеткізбей жол жиегіне тастап кеткен болуы керек,-дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.

Дарын Нұрсапаров
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде